Oops! It appears that you have disabled your Javascript. In order for you to see this page as it is meant to appear, we ask that you please re-enable your Javascript!
Поиск врача

Қазақстан АИТВ-инфекциясынсыз

[vc_row][vc_column width=”2/3″][vc_column_text]

ЖАДЫНАМА

Қазақстан АИТВ-инфекциясынсыз

АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады. Республика бойынша жыл сайын 10% астам халық, АИТВ-ға тестілеуден өтеді.

Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады: кездейсоқ адамдармен қорғансыз жыныстық қатынас жасаудан аулақ болу, уақытылы диагностикадан өту және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу, залалсыздандырылған аспаптарды пайдалану және АИТВ-ға тест тапсыру.

АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады.

Қазақстанда АИТВ-ның анадан балаға берілуін АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелге жүктілік кезінде уақтылы диагностикадан өту, босану кезінде, босанғаннан кейін және жаңа туған балаға вирусқа қарсы терапияны ұсыну арқылы профилактикалау қамтамасыз етіледі.

2014 жылы АИТВ-ның анадан балаға берілу деңгейі 1,8%-ға дейін төмендеді. (ДДҰ-ның ұсынымы кемінде 2%)

2014 жылы емдеумен қамтамасыз ету 72,4% құрады. Өлім көрсеткішін      2010 жылғы 16,1%-дан 2014 жылғы 8,7%-ға төмендету бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстан аумағында эпидемиологиялық процесті дамыту шоғырландырылған сатыда (1,1 орта әлемдік көрсеткіш кезінде халықтың 0,2%).

Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің 2015-2016 жылдардағы рейтингісінде «15-49 жас аралығындағы халықтың арасында АИТВ-инфекциясының таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орын алатын елдердің тобына кірді.

2009 жылдан бастап иньекциялық есірткіні тұтыну кезінде берілу жолының парентералды үлесін төмендету үрдісі бақылануда, 2014 жылы ол 32% құрады.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_widget_sidebar top_margin=”none” sidebar_id=”sidebar-departments-kaz”][/vc_column][/vc_row]