Oops! It appears that you have disabled your Javascript. In order for you to see this page as it is meant to appear, we ask that you please re-enable your Javascript!
Поиск врача

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді

[vc_row][vc_column width=”2/3″][vc_column_text]

 ЖАДЫНАМА

 Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді

  Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді анықтаудың инновациялық жеделдетілген әдістері мен оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген әдістері әрбір азаматқа тегін негізде қолжетімді.

   2005 жылдан бастап 2014 жыл аралығында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 54,9%-ға, өлім көрсеткіші – 76,4%-ға төмендеді.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

– туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,5%-ға төмендеді.

– өлім көрсеткіші 12,5%-ға төмендеді.

Туберкулезді анықтаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген инновациялық әдістерінің барлық түрлері қолданысқа енгізілген.

Туберкулезге шалдыққан науқастардың 70%-дан астамы аурудың бастапқы сатысында, яғни жұқтыру сатысына дейін, анықталады.

Бактерия шығаратын барлық науқастар ауруды басқаларға жұқтыру қаупі бар кезеңде стационарларда бактерия шығару тоқтағанға дейін ем қабылдайды.

Қазақстанда көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастардың 99% еммен қамтамасыз етілген, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) стандарты – 85%.

ДДҰ жыл сайынғы есебіне сәйкес науқастардың аталған санатын емдеу тиімділігі біздің елімізде әлемдегі ең жоғары болып табылады және 73,5% болды (ДДҰ стандарты – 75%).

2013 жылы туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының бюджет көлемі 35,5 млрд. теңгені; 2014 жылы 36,2 млрд. теңгені; 2015 жылы – 35,9 млрд. теңгені құрайды.

ДДҰ-ның соңғы миссиясы Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның жұмысын барлық аспектілер бойынша оң бағалады.

Қазақстанның Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі елдердің арасында анағұрлым тиімді деп бағаланды.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_widget_sidebar top_margin=”none” sidebar_id=”sidebar-departments-2-kaz”][/vc_column][/vc_row]