Oops! It appears that you have disabled your Javascript. In order for you to see this page as it is meant to appear, we ask that you please re-enable your Javascript!
Поиск врача

Жедел вирустық инфекциялардың алдын алу

[vc_row][vc_column width=”2/3″][box_header title=”Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу” type=”h3″ bottom_border=”1″ animation=”0″ top_margin=”none”][vc_column_text]ЖРВИ және тұмау кезіндегі инфекцияның ордасы – бұл адам, вирус сулы ауа арқылы адам мен адам қатынасқа түскен кезде жұғады. Науқас адамдар басқа адамдарға жұқтырмаулары керек болса, ал сау адамдар өздері сақтанулары керек.

Инфекция жұқтырған адам жағынан болатын ЖРВИ ең тиімді алдын алу жолдары:

1. ЖРВИ ауыратын адам үйде ауыруы керек!

Дей тұрғанмен, бұл қағида үнемі қадағаланбайды.

Жұмысқа, оқуға, факультативтерге аурудан жазылған соң ғана оралу керек.

2. Маска кию.

Егер үйде отырып, емделу мүмкіндігі болмаса, қоршаған ортаны жұқтырудан сақтау үшін, маска киген дұрыс болады. Вирустар көп мөлшерде қақырық пен шырышта болады. Науқас адам сөйлегенде, түшкіріп жөтелгенде шырыштың тамшылары бірнеше метрге дейін жетіп, жақын тұрған адамға жұғуы, тұрмыстық заттарға қонуы мүмкін.

Масканың басты мақсаты – осы вирус тамшыларын қалай да болса, қоршаған ортаға түсуін шектеу.

Масканы әрбір 4 сағат сайын ауыстырып отыру керек, өйткені масқада вирустар көптеп жиналады. Аурып жүрген кезде қол алысу, құшақтасу, сүйісуге, яғни басқалармен қатынасқа түсуге болмайды. Сау адамдарға масқа киюдің қажеті жоқ. Ол сау адамның вирус жұқтыруынан сақтамайды.

ЖРВИ ауруының кезеңі басталғанда үйде, ұжымдарда алдын алу шараларын жүргізу керек. Алдын алу шаралары ауадағы вирустарды азайтуға, оларды бәсеңдетуге арналған.

ЖРВИ болдырмаудың негізгі алдын алу шаралары:

  • желдету. Ауа алмастыру ауадағы вирустарды азайтады, оларды жұқтырып, ауырып қалу мүмкіндігін төмендетеді. Егер үйде науқас адам болса, бөлмені үнемі желдету қажет;

  • кварцтау. Ультракүлгін сәулелер вирустарды өлтіреді;

  • қолды жиі жуу;

  • Дезинфекциялаушы препараттарды қолдану арқылы бөлмеге дымқыл шүберекпен тазалық жүргізу;

  • дезинфекциялаушы препараттарды қолдану арқылы ортақ қолданыстағы заттарды жуып, шаю (әсіресе ойыншықтарды).

  • таза ауада серуендеу ;

  • Спецификалық иммунитет құру (тұмауға қарсы вакцинация).

  • С, А және В топтағы дәрумендерді қабылдау;

  • фитотерапия: таңқурай, жөке гүлі, итмұрын, бал тұнбасы және қайнатпасы.

Алайда Сіз сырқаттанып қалсаңыз, үйде қалып, дәрігер шақыруыңыз керек. Дәрігер келгенше, таңқурай, жөке гүлі, итмұрын, бал тұнбасы және қайнатпасын ішуіңізге болады. Барлық емдік дәрі-дәрмектерді тек дәрігер нұсқауымен ғана қабылдау керек!

Халық даналығы айтқандай, тұмау төсекте сарыла жатуды ұнатады. Медицина болса, осы оймен толық келіседі. Асқынуды болдырмау үшін ауырып жүрген күндерді қатаң түрде төсекте жатып, дәрігер нұсқаулығын орындау керек.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_widget_sidebar top_margin=”none” sidebar_id=”sidebar-departments-2-kaz”][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/1″][/vc_column][/vc_row]