Поиск врача

Объявление

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің «№10 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық Кәсіпорын  бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 8 ұй, тел. 70-86-85.

Ресми сайты – emhana10.kz

Бақылау кеңесі мүшелеріне байланысты талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мындай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе)  экономика/қаржы және (немесе)  бизнес және (немесе)  құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе)  экономика/қаржы және (немесе)  бизнес және (немесе)  құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе)  экономика/қаржы және (немесе)  бизнес және (немесе)  құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері;

4) кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесімен денсаулық сақтау және (немесе)  экономика және (немесе)  бизнес және (немесе)  құқық  (МВА)  саласындағы қосымша білімінің болуын қамтиды.

Құжаттар тізімі:

  • Байқауға қатысу өтініші (еркін нысанда жазылған)
  • Мемлекеттік және орыс тіліндерінде түйіндеме;
  • Өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
  • Төлқұжатының көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы құжатының көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының, еңбек келісімшартының немесе жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтар көшірмесі;
  • Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімдерінде берілген соттылығы жоқ екендігін және жемқорлық заң бұзушылығы жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

         Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын “Түпнұсқа” деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

 

Байқаудың өтетін орны –Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі 11, каб.420

Байқаудың басталу күні – 25 қараша 2017 жыл

Байқаудың аяқталу күні – 25 желтоқсан 2017 жыл (30 күн)