Поиск врача

Алдын ала медициналық қаралу (скрининг)

[vc_row][vc_column width=”1/1″][vc_column_text]Скрининг – бұл қауіп факторы мен ауруларды ерте кезеңде анықтау үшін белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеру. Скринингтік тексеру тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жергілікті аумақта тіркелген емханаларда толық көлемде жүргізіледі.

Ересек тұрғындарды скринингтік тексеру:

1) қан айналу жүйесінің негізгі аурулары- қан қысымның жоғарылауы, жүрек ауруларының ишемиясы;

2) ерлер мен әйелдер арасындағы қант диабеті ауруы;

3) ісік алды, әйелдер арасындағы жатыр мойны қатерлі ісіктері;

4) ісік алды, әйелдер арасындағы сүт бездеріндегі қатерлі ісіктер;

5) ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома;

6)  ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ шек пен тікішектегі ісік алды, қатерлі ісіктер;

7) өңеш, асқазан, бауыр және қуықалды безіндегі қатерлі ісіктер;

8) В және С созылмалы гепатиттері.

* қан айналымы жүйесінің аурулары – қан қысымның жоғарылауы, жүрек ауруларының ишемиясы және қант диабетін ертерек анықтаудың мақсатты топтары болып қан қысымының жоғарылауы, жүрек ауруларының ишемиясы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54,т 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер болып табылады.

* глаукоманы ертерек анықтауға скринингтік тексеру жүргізудің мақсатты топтары болып глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54,т 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер болып табылады.

* сүт бездеріндегі қатерлі ісіктер, ісік алды ауруларын ертерек анықтаудың мақсатты топтары болып сүт бездері ісіктері бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54,т 56, 58, 60 жастағы әйелдер болып табылады.

*  жатыр мойны ісігінің ісік алды ауруларын ертерек анықтаудың мақсатты топтары болып жатыр мойны ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер болып табылады.

* тоқ шек пен тікішектегі ісік алды, қатерлі ісіктерді ертерек анықтаудың мақсатты топтары болып полипоза, тоқ шек пен тікішек ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер болып табылады.

* өңеш, асқазан обырын ертерек анықтаудың мақсатты топтары болып өңеш, асқазан обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, және 60 жастағы ерлер мен әйелдер болып табылады.

* бауыр обырын ертерек анықтаудың мақсатты топтары болып вирустық және вирустық емес этиологиясының бауыр циррозы бойынша диспансерлік есепте тұратын вирусқа қарсы терапия және вирусқа қарсы терапия тиімділігінің бағасын алмаған ерлер мен әйелдер болып табылады.

*  қуықалды безіндегі қатерлі ісіктерін анықтаудың мақсатты топтары болып қуықалды безіндегі қатерлі ісіктері бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 54, 58, 62 және 66 жастағы ерлер болып табылады.

*  В және С созылмалы гепатиттерін тексеру үшін анықтаудың қауіпті тобы болып қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен, гемодиализдегі, анамезде операциялық араласулары бар, қан және оның құрамын құюмен ауыратын тұлғалар болып табылады.

 

Жас балалардағы скринингтік тексеру

 

Қазақстан Республикасында жас балаларға төмендегідей скринингтік тексерулер жүргізіледі: психофизикалық бұзылушылықтардың скринингі және жас балалардағы есту қабілетінің бұзылушылығы және ерте анықтау патологиясына аудиологикалық скрининг.

Аталған скринингтерді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің           2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі №379 бұйрығымен және «Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығымен тиісінше реттелген. Мақсатты топ- 0-ден 3 жасқа дейін.

Психофизикалық даму скринингі  психофизикалық дамудың артта қалу қаупі бар балалардың тобын анықтау мақсатында 3 жасқа дейінгі балаларды жаппай стандартты тексеруді білдіреді.

Скринингтің негізгі мақсаты қауіп анықталған топтардан сау балаларды заманауи медициналық және психолого – педагогикалық түзету.

Балаларды тексеру туғаннан басталады: перзентханадағы мерзімде, 3 айда, 6 айда, 9 айда, 1 жаста, 1 жыл 6 айда, 2 жаста, 2 жас 6 айда және 3 жаста алдыңғы тексерулер нәтижелерінсіз емхананың сау бала кабинетінде және балалардың бейінді маманда емделу және психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия мамандарында толық тексерілу қажеттігіне скрининг жүргізіледі.

Скрининг кезінде балада жасының даму кезеңінің дағдыларын қалыптастыру сәйкестігі бағаланады, балада көру және есту қызметіне баға беру жүргізіледі.

Балаларда психофизиологиялық дамудың кейіндеу және/ немесе жүргізілген скринингтер нәтижесінде көру немесе есту қабілетінің бұзылушылықтары қаупін анықтауда, медициналық қызметкер оларды ПМПК – ға және/немесе офтальмологқа немесе сурдологқа жібереді.

Құрметті ата-аналар, есте сақтаңыздар, уақытында өткен скрининг Сіздің балаңыз үшін өте маңызды.

www.densaulyk.astana.kz[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]