19.01.2024

Балаларға Арналған Скрининг!!!

Балаларға Арналған Скрининг!!!
Әр сейсенбі және бейсенбі күндері №10 қалалық емханада балаларға скринингтік тексерулер жүргізіледі.
Скрининг – бұл баланың дамуындағы аурулар мен ауытқуларды ерте анықтауға бағытталған зерттеулер жиынтығы.
Скринингтен өтуі маңызды:
– Мүгедектікке немесе тіпті баланың өліміне әкелуі мүмкін ауыр ауруларды жіберіп алмау үшін.
– Емдеуді уақтылы бастау үшін және қалпына келтіру мүмкіндігі арттыру үшін.
– Аурулардың дамуын болдырмау үшін алдын алу шараларын тағайындау үшін.
Скрининг барысында №10 қалалық емханада балалар келесі мамандардың қарауынан өтеді:
– Лор (306 каб);
– Офтальмолог (301 каб);
– Тіс дәрігері (332 каб);
– Невропатолог (302 каб);
– Хирург (361 каб).
Балалар скринингі сейсенбі және бейсенбі күндері таңғы 8:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Скринингтен өту үшін алдын ала жазылу талап етілмейді