22.02.2024

“Жыныстық қатынас, гигиена және салауатты өмір салты”

“Жыныстық қатынас, гигиена және салауатты өмір салты”

ҚазҰӨУ студенттері үшін Ramada Plaza ғимаратында “жыныстық қатынас, гигиена және салауатты өмір салты” тақырыбында дәріс өтті . Дәрісті №10 Қалалық емхана жастардың жыныстық денсаулық, гигиена және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырды.

Дәріс аясында келесі тақырыптар қамтылды:

– Жыныстық денсаулық: жыныстық жүйенің анатомиясы және физиологиясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), контрацепция әдістері, отбасын жоспарлау.
– Жеке гигиена: дене күтімі ережелері, гигиенаны сақтамауға байланысты аурулардың алдын алу.
– Салауатты өмір салты: дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жаман әдеттерден бас тарту, ұйқы және демалыс режимі.
Дәрісті №10 Қалалық емхананың тәжірибелі дәрігер-гинекологтары өткізді.
Дәріс барысында келесі ұсыныстар берілді:

– Ауруларды ерте анықтау үшін тұрақты медициналық тексеруден, оның ішінде гинекологтан өту.
– ЖЖБИ мен қалаусыз жүктіліктен қорғау үшін әр жыныстық қатынас кезінде тосқауыл контрацепциясын қолдану.
– Жеке гигиена ережелерін сақтау: Күнделікті душ қабылдау, іш киімді ауыстыру, дымқыл майлықтарды қолдану.
– Салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс тамақтану, үнемі жаттығулар жасау, темекі шегуден және алкогольден бас тарту.