Медициналық ұйым туралы

Астана қаласы әкімдігінің «№10 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Мекеменің тіркелген күні 03.05.2014 ж.

№10 емхана диагностиканың, емдеудің, оңалтудың және профилактиканың заманауи әдістерін қолдануға негізделген жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін көп салалы медициналық кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорын профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және пациенттің денсаулығын ұзақ мерзімді бақылаудың кешенді қағидаттарын енгізу арқылы мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламаларын іске асыру негізінде, өз пациенттеріне жоғары сапалы білікті медициналық көмек көрсетеді.