15.02.2024

Өңірлік кадр резерві

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады, құжаттар сайтта қабылданатын болады onir.pkrezerv.gov.kz ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін.

Жобаның негізгі мақсаты-жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.

Өңірлік резервке іріктеуге қатысуға жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған азаматтар жіберіледі.

Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің санын өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, Өңірлік кадр комиссиялары айқындайтын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне 8 (7172) 24-89-26, 24-88-96 нөмірі бойынша хабарласуға болады.