06.04.2024

Қазақстанда 11 екпе міндетті

Сіздің денсаулығыңыз-біздің қамқорлығымыз!

Аурулардың алдын алу-денсаулықтың кілті! №10 қалалық емханада біз әрқашан бір қадам алда болуға тырысамыз, әсіресе гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және т.б. сияқты ауыр инфекцияларға қатысты.

👶 Біз балаларымыз үшін профилактикалық егулердің маңыздылығын атап өткіміз келеді. ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 612 қаулысына сәйкес балаларға міндетті егулер ҚР Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жүргізіледі және олардың барлығы мемлекеттік бюджет есебінен тегін қолжетімді.

✔ Барлық міндетті екпелер біздің №10 емхананы қоса алғанда, мемлекеттік емханаларда тегін жасалатынын есте ұстаған жөн.

🌟 Тегін вакцинация тізіміне мыналар кіреді:

– БЦЖ (туберкулезден)
– Гепатитке қарсы екпе
– АКДС (полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы)
– В типті гемофильді инфекцияға қарсы егу
– Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина
– Қызылшаға, қызамыққа және паротитке (шошқаға)қарсы егу

📆 Вакцинация уақыты туралы ұмытпаңыз! Міне, балаларға арналған жалпы мерзімдер:

– Өмірдің алғашқы күндерінен бастап: БЦЖ және гепатитке қарсы екпе
– 2 айда: кешенді егу
– 3 айда: қайта егу
– 4 айда: вакцинацияның бірінші кезеңін аяқтау
– 12-15 айда: қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы егу
– 1,5 жаста: ревакцинация және қосымша екпелер
– 6 жаста: мектеп жасында қосымша вакцинация
– 16 жаста: сіреспе мен дифтерияға қарсы егу

👩 🏫 № 10 қалалық емханада біз вакцинация мәселелері бойынша барлық қажетті көмек пен кеңес беруге дайынбыз. Есіңізде болсын, сіздің балаңыздың денсаулығы біздің басымдығымыз!