02.04.2024

Елордада аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың дүниежүзілік күнін қолдау шаралары өткізілуде

2008 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, әр 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл мәселенің маңыздылығы халықаралық деңгейде танылған. Мұндай диагнозы бар балалар саны бүкіл әлемде жыл сайын артып келеді. ДДҰ деректері бойынша әлемде 160 баланың 1-інде аутизм спектрі бұзылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда елорданың балалар саны 500 мыңды құрайды. Статистикаға сәйкес, эмоционалды саласы бұзылған балалардың саны бүгінгі күні 3 479 баланы құрап отыр, ал өткен жылы олардың саны 2 899 болған.

Астана қаласы Білім басқармасы осындай санаттағы балаларға жағдай жасау бойынша барлық шараларды қабылдауда. Қазір қалада 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы, 29 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, екі аутизм орталығы ашылды.

Дәстүр бойынша, аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күнін қолдау мақсатында қалада 1-5 сәуір аралығында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл білім беру ұйымдарының мамандарына арналған конференциялар, оқыту семинарлары, арнайы білім беру ұйымдарындағы Ашық есік күндері, ата-аналарға арналған кеңестер. Іс-шаралардың мақсаты – аутизммен ауыратын адамдарға, олардың отбасыларына көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне қоғамның назарын аудару.