15.04.2024

Медицина қызметкерлері Республикалық экологиялық акцияны қолдады

Медицина қызметкерлері республикалық экологиялық акцияны қолдады

№10 Қалалық емхана “Таза Қазақстан.Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі” атты ауқымды экологиялық акцияға қосылды♻

Медицина қызметкерлері емхана аумағында, сондай ақ М.Әуезов (45, 47) көшесі және Дружба (13) көшесі бойындағы учаскелерде тазалау және әктеу жұмыстарын жүргізді. Санитарлық тазалаудың қорытындысы 28 қап қоқыс болды.

“Бірге біз үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз және қаланы барлық тұрғындары үшін жақсырақ ете аламыз. Біздің қаламыздың тазалығы – бұл коммуналдық қызметтердің жұмысы ғана емес, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Өз қаламызды қорғап, қоқыс тастамайық және оны абаттандыруға қамқорлық жасайық”, – дейді №10 қалалық емхананың дәрігерлері.

Дәрігерлер елорданың барлық тұрғындарын “Таза Қазақстан” акциясына қосылуға және қаланы – ортақ үйімізді – таза етуге шақырады! Өйткені тазалық – денсаулық кепілі!