11.04.2024

№ 5 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға» баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру.

Сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК, заңды және нақты мекенжайы: Астана қ. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 8.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығы 74-тарауына сәйкес (әрі қарай – Ережелер) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды» сатып алуды хабарлайды (Қосымша №1).

Қағидалардың 2-бөлімінің 3-тарауында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілерге баға ұсыныстарына сұрау салуды сатып алуға рұқсат етіледі.

Дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға Ереженің 2-бөлімінің 3-тарауында көрсетілген талаптар қойылады.

Ереженің 78-тармағына сәйкес ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

Жеткізу мерзімі: №1 қосымшасында көрсетілген.

Жеткізу мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 8.

Баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 12 сәуір сағат 09:00-ден 2024 жылғы 19 сәуір сағат 10:00-ге дейін.

Баға ұсыныстары бар түпкілікті конверт жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) мына мекенжайға тапсырылуы немесе пошта арқылы жіберілуі тиіс: Астана қ. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 8.

Баға ұсыныстары бар мөрленген конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылдың 19 суәір, сағат 10.00-ге дейін.

Конверттер 2024 жылғы 19 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 10-30-да ашылады Астана қ. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, мекенжайында 401 кабинет.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысына тауарды жеткізуге байланысты барлық шығындарды қамтуы тиіс.

Конвертте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқықтарын растайтын рұқсаты болуы тиіс, лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы лицензиялау органдары жүзеге асырады, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

Ескерту: сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны және егжей-тегжейлі сипаттамалары хабарландыруға № 1 қосымшада көрсетілген.

Қосымша сұрақтар мен ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

8 7172 57-35-01 ішкі 7 Бақытжан Жұмаділәұұлы

Жеткізуші өз қаражаты есебінен пайдалану кезінде анықталған барлық кемшіліктер мен ақауларды, оның ішінде өндірістік ақауларды жоюға міндетті.

Скачать (XLSX, 40KB)